Шешенстан президенті Рамзан Кадыров шешен халқына қарсы ақпараттық және идеологиялық соғыс жүріп жатыр деп мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Шешенстан халқына қарсы жоспарлы түрде ақпараттық және идеологиялық соғыс жүріп жатыр. Біз осы уақытқа дейін террористермен соғысу қиын деп келгенбіз. Бірақ шындығына келгенде көзге көрінбейтін, кім шабуылдап жатқанын білмейтін белгісіз бір топпен күрескен әлде қайда қиын» - деп жазады Рамзан Кадыров Шешенстан үкімкетінің ресми сайтында.

Рамзан Кадыровтың сөзінше, Шешенстанға ақпараттық және идеологиялық шабуыл жасаушыларға шешен халқының ұлттық ұстанымдары, ұлттық мемлекет құруға жасап жатқан талпыныстары ұнамайды. Сол себепті олар шешен халқын жойып жіберу және әлсірету үшін осындай идеологиялық шабуылдар жасайды.

“The Qazaq Times”