Кеше, 9 қаңтар кеште Цюрих қаласында өткен ФИФА-ның 2016 жылғы марапаттауы болып өтті. Барлық фоутбол жанкүйерлері асыға күткен бұл жыл қортындысы «Жылдың үздік ойыншысын» марапаттаумен қызықты. Бұл номинацияға португалиялық аладоп жұлдызы Криштиану Роналдуға бұйырды. Өзінің басты қарсыласы Лионель Мессиден 7,53 пайыз артық дауыспен, 2016 жылдың үздік ойыншысы атанды.
Сыйлықты тапсырып алған Криштиану, марапаттау салтына жиналғандарға өз қуанышын білдірді:
"Мен ең әуелі өзімнің командалас достарыма рахмет айтқым келеді. Ұлттық құрамадағы және Реал Мадрид командасындағы әріптестеріме, жаттықтырушыма алғыс айтам. Сондай-ақ, осы залға келіп отырған отбасыма, бауырыма, ұлыма рахмет айтамын. Рахмет! 2016 жыл менің спортттағы ең бір керемет жылым болды. Бұл марапат ойынды көрген барлық адамның соқыр емес екенін көрсеткендей. Себебі, мен ұлттық құрамамен және барлық командаммен жеңіске жеттім. Әрбір адам өзінің жеке ерекшеліктерін толық көрсетті. Мен бұл ерекше жылды ұмытуға тиісті емеспін. Маған дауыс берген барлық адамға алғысым шексіз. Менің басқа көп айтарым жоқ... Меніңше, осы марапаттың өзі айтылмаған сөздерді толықтырады деп деп ойлаймын. Мен қуанып айқайлай алмаймын... Алайда, мен расында қатты тебіреніп тұрмын".
Ол, және осы марапаттауға келе алмаған «Барселона» командасындағыларға да бір екі ауыз лебіз білдірді:
«Барселонадан» осында, біздің алдымызға келе алмай қалған адамдардан кешірім сұраймын. Бірақ бұл түсінікті жайт деп ойлаймын.
"The Qazaq Times"