Mexx компаниясы Ресейдегі барлық дүкендерін жаппақшы. Бұл туралы BNS Group-тың бас директоры Денис Богатырев «Ведомости» басылымына айтқан. 

Қазіргі кезде Mexx-тің жалғыз дүкені  «Золотой Вавилон» сауда ойын-сауық орталығында жұмыс істеп жатыр. Бірақ бұл дүкен де осы жылдың 31 шілдесінде жабылады.

Богатыревтың сөзінше, Мехх-тің қазіргі басшылығы Eroglu Holding түрік компаниясы BNS-қа 2017 жылға арналған коллекцияларды шығармайтынын айтқан. Себебі бизнес табыссыз болған. Мысалы 2016 жылдың қорытындысы бойынша дүкендердегі сатылым 15 пайызға төмендеген.

Енді бұл Қазақстандағы осы дүкендердің жабылуына әкеп соғуы мүмкін. Онсызда қазақстандық ретейлерлер 2015 жылғы дағдарыстан кейін елдегі көптеген дүкендер жабылуға мәжбүр болып жатқанын айтады.

Мехх сауда маркасының негізін 1986 жылы Нидерландыда Үндістаннан шыққан эмигрант Ратан Чадха қалаған. 15 жылдан кейін бұл бизнесті америкалық Liz Claiborne компаниясы қолына алады. 2011 жылы америкалық The Gores Group инвестициялық компаниясы Mexx-тің бақылау пакетін 85 млн еуроға сатып алды.

Ал 2014 жылдың желтоқсанында Mexx банкрот деп танылып, түрлі елдердегі дүкендерін жаба бастады.

“The Qazaq Times”