Қазақстанның емханаларында онкологиялық ауруларды емдеу үшін «жасанды интеллект» пайдаланылады.
IBM компаниясымен жасалған екіжақты келісімнің аясында жасанды интеллект арқылы науқасқа қандай ем қолдану керектігі анықталады. Технологияның деректер базасында мыңдаған ғылыми мақалалар мен құнды деректер орналастырылады. Бұл әлемнің озық тәжірибесі мен алдыңғы қатарлы жетістіктерін пайдалана отырып, науқастарға жедел көмек көрсетуге жол ашады. Аталған пилоттық жоба осы жылдың күзінен бастап жүзеге асырылмақ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
Мұнан бөлек, «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп жасаған midmail.kz бірыңғай пошта жүйесі іске қосылды. Қазірдің өзінде бұл қызметті 80 мыңға жуық дәрігер қолданады. Медицина қызметкерлерінің өзара тәжірибе алмасып, топтар құрып, белгілі бір мәселе бойынша пікір бөлісуіне мүмкіндік беретін жүйенің артықшылықтары көп дейді министрлік өкілдері.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?