Шілденің 7 күні Түркияның Стамбул қаласында түркі телдес елдердің құрылтайы болып өтті деп хабарлайды Орталық Азия сайты.
Құрылтайға Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркіменстан елдерінің өкілдері қатысты.
Құрылдайға қатысушылар «Түркі тілдес мемлекеттер өз тәуелсіздіктерін алпауыттар арасында қалай сақтап қала алады?» - деген сұраққа жауап іздеді.
Құрылтайшылар түркі тілдес елдердің ішінде әлем алпауыттарына жұтылып кетудің аз-ақ алдында отырған қазақ, қырғыз, әзербайжан, өзбек, түркімен ұлттарының болашағына алаңдайтындықтарын айтты.
Құрылтайға Қырғызстан атынан келген тарихшы Дастан Раззақұлының айтуынша, «Қырғызстан халқы Ресей немесе АҚШ-тың құлы болғанша Қазақстан мен Түркияға пайдасы тиетін бауырлас ел болғанды қалайды».
Құрылтай соңында қатысушалыр әлемдік державалар алдында өз мүдделерін қорғау мақсатында түркі тілдес елдердің экономикалық, әскери, саяси күштерін біріктіретін Түркі одағын құру керектігі жөніндегі құжатты қабылдады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел