Германияда қимыл-тірек аппараты және көз жанары зақымданған жандар арасында жүзуден өткен ашық чемпионатта Риодағы Паралимпиада ойындарының чемпионы, 51-жастағы Зульфия Ғабидуллина кезекті әлемдік рекорд орнатты деп хабарлайды prosport.kz порталы.
Қазақстандық спортшы 200 метр қашықтықты 03:26,65 уақыт аралығында еңсерді. ҚР жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің бұл - әлемдік рекордты 12-ші рет жаңартуы.
Риода өткен жазғы Паралимпиада ойындарында Зульфия Ғабидуллина 100 метр қашықтықта рекорд орнатып, Қазақстанға алғашқы алтынды сыйлаған болатын.