Бизнесмен Болат Әбілов Қарағанды қаласында газоблок өндіріп шығаратын "КазГазоБлок" зауытын ашты. Зауыт құрылысына 1,5 млрд теңге қаржы салынған, деп хабарлайды informburo.kz.
"Біздің зауыт Қазақстан нарығындағы ең сапалы өнімді шығаратынын айта кеткім келеді. Теміртаудың құмындағы кварцтың үлесі шамамен 70%. Мысалы Алматы немесе Астана құмындағы оның үлесі 50-60% шамасында. Сондықтан біздің газоблоктың сапасы өте жақсы болады.Біз оны неміс технологиясымен жасап шығамыз", - деді ол.
Зауыттың ашылуына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қатысып, бизнесменді зауыттың іске қосылуымен құттықтады.
Зауыт құрылысына 1,5 млрд теңге инвестиция салынған. Қазіргі кезде 70 адам жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорынның негізгі клиенттері Астананың құрылыс компаниялары. Жылына 150 000 м3 газоблок өндіретін болады.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?