Атырауда балаларды ғаламтордың зиянды әсерінен қорғау үшін Прокуратураның бастамасымен байланыс саласы мамандары жасаған "Ата-ана бақылауы" бағдарламасы орнатылады.
Өткен жылы Прокуратура 100-ден астам жат діни, ұлттық, нәсілдік араздыққа шақыратын сайттардың қызметін тоқтатқан.
Облыстық басқарма қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жасалған діни сараптаманың нәтижесіне сәйкес, осындай сайттардың ақпаратына қаныққан жастардың 60 пайызы өз көзқарасын өзгертеді екен.
Прокуратура жүргізген мониторингтен кейін ғаламтор кеңістігінде ҚР Конституциясы мен өзге құқықтық нормативтік актілеріне қайшы келетін 74 аудиожазба, қолдан қару және жарылғыш заттар жасауға үйрететін 21 бейнежазба, сот шешімімен экстремистік деп танылған 10 материал анықталды.
Қазір өңірде "Қазақтелеком" АҚ қолдауымен, барлық абоненттерге "Ата-ана бақылауы" қызметін қосу жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде "Ата-ана бақылауы" қызметі 4 мыңға жуық отбасыда орнатылған.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?