2017 жылы 3 шілдеде «БТА Банк» АҚ-ы «Казкоммерцбанк» АҚ-ның 2,4 трлн теңге сомасында берілген қарызды өтеді. Банк алдындағы 64,8 млрд теңге көлеміндегі қалған қарыз қалыптастырылған провизия есебінен шығарылды, деп хабарлайды Казкомның баспасөз қызметі.
"Сонымен 2017 жылдың 3 шілдедегі жағдай бойынша «БТА Банк» АҚ-ның Банк алдындағы қарызы толығымен өтелді. «БТА Банк» АҚ–на ұсынылған займ Банк үшін жасалуында мүдделілігі бар ірі мәміле және Банкпен ерекше қатынас арқылы байланыс тұлғамен мәміле болып табылады", делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, БТА тарапының қарызды жабуы Қазком мен Халық банк арасындағы 96,81% акцияны сату-сатып алу шарттары аясында болып отыр.