Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ басшысы Дональд Трамп кездесетін болды.

РФ президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, қазіргі таңда дипломатиялық жолдар арқылы екі ел басшыларының кездесуі қай күні және қандай форматта өтетіні жайында келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Ал АҚШ басшысының ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Герберт Макмастер журналистерге берген сұхабатында «Дональд Трамп шілденің 7-8 күндері Германияда өтетін G20 саммитінде көптеген елдердің басшыларымен кездесетін болады. Оның ішінде Ресей президенті Владимир Путинде бар» - деп мәлімдеген.

“The Qazaq Times”