«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің хабарлауынша, кеше кешкі 17:03-те Ақсай өзенінің бассейнінде сел жүрген.
Ол толассыз жауған жауынның салдарынан болған.
«200 текше метр шамасында сел жүріп, жолды жартылай басып қалды. Аймақ кепкен соң тазалау жұмыстары басталады», - деді мекеме өкілдері.