Алматыдағы Наурызбай ауданында сел жүру қаупі бар. Алматы ТЖД аталған аудандағы таулы аймақтарда орналасқан үйлерде тұратын тұрғындарға ескерту жасап, үйлерінен уақытша кетуге кеңес берді.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті: «2019 жылдың 14 тамызында Наурызбай ауданында шағын көлемде сел шығару жүргізілді. Тұрғындарға ескертіп үлгердік. Энергетика қызметіне жарықты, газды өшіру туралы команда берілді. Ескертеміз, тұрғындарды көшіреміз. Алматы қалалық ТЖД Әуезов және Алатау аудандарында Қарғалы өзенінің төменгі жағында тұратын тұрғындарға ескерту жасап жатыр», – деді.
Ресми мәліметтер бойынша қазір «Қазәуеқұтқару», «Алматы құтқару» қызметінің борттары мен Ұлттық ұланның жеке құрамы жіберілген. Наурызбай ауданында қауіпсіз жерге көшірілген адамдарды қабылдау үшін эвакуациялық пунктер ретке келтірілді. Осы ретте Бостандық ауданында мектеп ғимараты әзірленді. Қарғалы өзенінің арнасында газбен қамту, электр энергиясымен қамту нүктелері ажыратылды. Ал төтенше жағдайға байланысты шұғыл штаб құрылды. Сел жүру қаупіне байланысты Наурызбай ауданында эвакуациялау пунктері белгіленген. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданына барды.
Айта кетейік, 2015 жылы шілдеде Алматының Наурызбай ауданы аумағында сел жүрген. Салдарынан мыңнан астам адам эвакуацияланып, 450-ден астам үйлерге нұқсан келген.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел