Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) жыл сайынғы тоғызыншы үздік жоғарғы оқу орындарының ұлттық рейтингін жариялады.
Ұлттық рейтинг халықаралық сарапшылармен мақұлданып, шет елдік басылымдар мен конференцияларда таныстырылды.
Жоғарғы оқу орындарын бағалау үшін үш критерий қолданылған: мекеменің білім беру және ғылыми зерттеу параметрлері, академиялық қауымдастық өкілдерінің арасындағы беделі мен жұмыс берушілердің пікірі.
Биылғы жоғарғы оқу орындарының ұлттық рейтингіне көпбейінді, техникалық, медициналық, педагогикалық, гуманитарлық-экономикалық бағыттағы, барлығы – 61 жоғарғы оқу орны қатысты. Дегенмен үздік университеттер рейтингіне оның 57-сі ғана кірген. Рейтингке ілінбей қалған білім ордалары БСҚА-дан өздеріне жасалған талдау қорытындысын алуына болады.
Сонымен, көпбейінді университеттер рейтингінде көш бастап тұрған – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Екінші орынға – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, үшінші орынға – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті тұрақтаған.
Рейтингтің толық нұсқасын Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің сайтынан http://nkaoko.kz қарауға болады.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?