Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Ақүйде АҚШ басшысы Дональд Трамппен кездеспек.

Кеше Мун Чжэ Ин АҚШ астанасы Уашингтонға ұшып кетті деп хабарлайды Оңтүстік Корея БАҚ өкілдері.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, бүгін Мун Чжэ Ин Ақүйде Дональд Трамп пен оның жары Меланья ұйымдастыратын түскі асқа қатыспақ.

Ал жұма күні Дональд Трамп Мун Чжэ Инді ресми түрде қабылдап, сол күні екі ел басшылары біріккен баспасөз мәслихатын өткізеді деп күтілуде.

Естеріңізге салайық АҚШ президентінің әкімшілігі Мун Чжэ Инді корей түбегіндегі мәселелерді бірігіп шешуге келіскеннен кейін, Ақүйге арнайы шақырған болатын.

“The Qazaq Times”