Алматының үлкен айналма көлік жолы құрылысын салуға 150 млрд теңге қажет, деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі автокөлік жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев.
«Бірінші құрылыс монтаж жұмысының (ҚМЖ) жобасы 124 млрд теңге болған. Бұл үш жылдық жоба. Қазір біз техникалық-экономикалық негіздемені жаңартып, есептедік. Ендігі ҚМЖ құны 150 млрд теңгені құрайды", - деді ол Астанада өткен брифингте.
Алайда Мереке Пішембаевтың сөзінше, құрылыс конкурсында жеңіске жеткен компаниялар 15-20 жыл аралығында жол қызметін қамтамасыз ету керек. Бұл қызметтің құны қанша болатыны әзірге министрлік есептемеген.
«Конкурс шарты бойынша белгілі бір компания жеңетін болса, оған 15-20 жыл ішінде бір рет толыққанды жөндеу жұмысы және екі рет орташа жөндеу жұмысы қосылады. Бірақ оның сомасы әлі нақтыланып жатыр, мен әзірге ҚМЖ туралы айта алмын", - деді ол.
Ал конкурс жеңімпаздары күзде белгілі болады. "Қазір мемлекеттік комиссиямен келісім жүргізіліп жатыр. Күзде нақты айтылады", - деді министрлік өкілі.