Түркия әскерилерінің автокөлігіне «Күрдстан жұмысшылар партиясы» лаңкестері шабуыл жасады.
Азық-түлік тиелген Түрік әскерилерінің жүк көлігіне «Күрдстан жұмысшылар партиясы»содырлары шабуыл жасап, салдарынан үш сарбаз көз жұмған.
Түркия мен «Күрдстан жұмысшылар партиясы» арасындағы соғыстың болып жатқанына 30 жылдан асқан. Осы уақыт аралығында 40 мыңнан астам адам көз жұмған. «Күрдстан жұмысшылар партиясын» Түркиядан бөлек, БҰҰ мен Еуроодақ террорлық ұйым деп таныған.