Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігі хабарлама жариялап, президент Мүн Жа-ин аса даулы болған АҚШ зымыранға қарсы жүйесін анықтауға бұйрық шығаруы, Оңтүстік Кореяның аталған зымыранға қарсы жүйеден бас тартуы немесе өзгеріс енгізу дегенді білдірмейтінін айтты. Оңтүстік Корея президентінің АҚШ сапары осы аптада болмақ. Бұл соңғы кездегі әлемдегі лидерлердің ресми сапарлары арасында елеулілердің бір болады. Ал, Кореяның алдын ала жасаған мәлімдемесі АҚШ президентінің кездесу кезіндегі райын бәсейту үшін жасалды деуге болады.
“The Wall Street Journal” басылымының хабарлауынша, Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Каң Киоң Ха дүйсенбі күні аталған мәлімдемені жасады. Қазір екі елдердегі көзқарақты тұлғалар АҚШ пен Корея басшылары кездесуі кезінде пікір алшақтығы туындай ма деп алаңдауда. Ал, Корея СІМ басшысының мәлімдемесі де осы кереғарлықтың алдын алу немесе салмағын жеңілдету үшін болып отыр. Мүн Жа-Ин Кореяның соңғы он жыл ішіндегі бірден бір солшыл президенті болып табылады. Ал оның АҚШ сапары осы аптаның бейсенбі және жұма күндерінде болмақ.
Солтүстік Кореяның ядролық және зымыран қуатының қарқынды артуы сыртық елдерді қатты алаңдатты. Әсіресе, АҚШ пен Корей түбегі айналасындағы елдерді. Оңтүстік Корея президенті бірер ай бұрын міндетін қабылдап ала салысымен Солтүстік Кореямен қарым-қатынасты жақсартуға тырысып бақты. Бұл ойын экономикалық ынтымақтастық арқылы жүзеге асырмақ болды. Бірақ, бұл қадам Уашингтон тарабын алаңға салды. Корей түбегіндегі одақтасы Солтүстік Кореямен тығыз қарым-қатынас орнатуы АҚШ-қа ұнамайтыны айдан анық еді.
Дүйсенбі күні Оңтүстік Корея СІМ басшысы мәлімдемесінде бұл алаңдаушылық туралы анық растады. Ол жаңа үкімет орнағалы бері қуатты келіссөз ұстанымында келе жатқанын айтты. Каң Киоң Ха ханым сөзінде: «Президент Мүн Жа-Ин Корея-АҚШ қатынасын «жақсы» деген бейнеден «өте жақсы» деген деңгейге дамытуға тырысатын болады», – деді. Ал бұл мәселелер туралы Кореяның АҚШ-тағы бас елшісі журналистердің сұрағына жауап беруден бас тартты.