2017 жылдың 5 айында Қазақстанның экономикалық өсімі 4,1 пайызды құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов халықпен есептік кездесуі кезінде мәлімдеді.
"Алдын ала мәліметтер бойынша мемлекеттің экономикалық өсімі соңғы 5 айда 4,1 пайызды құрады, ал өткен жылдың бұл кезеңінде керісінше, 0,2 пайызға төмендеген", - деді ол.
Сүлейменовтың айтуынша, Қазақстан экономикасының өсуіне өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп (9,2% және 6,8%-ға өсім байқалады), құрылыс ( 5,1%), транспорт (3,7%) салалары әсер еткен.
"Сондай-ақ, өсім ауыл шаруашылығында (2,7%), саудада (2,6%) және байланыс жүйесінде (2,4%) байқалады. Экономикалық өсімнің қалыпты қарқынының өсуі инвестициялық белсенділіктің артуы есебінен де болып отыр. Осы жылдың алғашқы 5 айында негізгі капиталға салынған инвестиция 5,2 пайызға жоғарылады", - деді министр.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды