Осыдан бұрын Ресей мен Қытай бірлесе отырып, «Boeing», «Airbus» әуе компанияларымен бәсекелесе алатын жолаушы-тасымал ұшақтарын жасайтын фирма құрғаны туралы хабарланған еді. Екі ел бірлескен «China-Russia Commercial Aircraft Corporation Ltd.» компаниясы жасағалы отырған ұшақ үлгісі осы аптада алғаш рет жұртқа таныстырылды.
Қытайдың «People.com.cn» сайтының хабарлауынша, әлемдегі ең озық жолаушы-тасымал ұшағының үлгісі алғаш рет 52-ші кезекті өткізіліп отырған Париж-Боургет халықаралық авиация-ғарыш көрмесінде көрсетілген. Жасалғалы жатқан алыс аралыққа ұшатын әрі кең жолаушылар ұшағы үш үлкен кабинадан тұрады. Олар бас кабина, бизнесмендер кабинасы және жолаушылар кабинасы қатарлылар. Бір ретте 280 жолаушыны алып ұшуға қабілетті, 12 мың шақырым аралыққа ұша алады.
Бірлескен жобаға екі ел 13-20 млрд доллар қаржы қосқан. Өздері «әлемдегі теңдессіз» деп атаған бұл ұшаққа «929» деген ат берілмек.