Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Уимблдон турниріне шақырту алды.

Әлемдік WTA рейтингінде 133 орында тұрған Зарина Дияс, Ұлыбританияның Манчестер қаласында өткен ITF турнирін жеңіп алғаннан кейін, Уимблдон турниріне wild card арқылы жолдама алды.

Бұл Зарина Диястың Уимблдон турниріне төртінші рет қатысуы. Зарина 2014-2015 жылдары Умблдонда 1/8 финалға дейін жеткен. Бұл оның әзірге ең жоғарғы көрсеткіші.

Зарина Дияс ITF турнирінің финалында сербиялық Александра Круничті 6:4, 6:4 есебімен ұтқан болатын. Бұл 23 жастағы Зарина Диястың спорттық карьеррасындағы 7 жеңісі. Ол бұғандейін 2008 жылы Астана, 2009 жылы Штудгард, 2012 жылы Бұхара, 2013 жылы Макинохар, 2014 жылы Гуанчжоу, 2017 жылы Наньнин турнирлерінде жеңіске жеткен болатын.

 “The Qazaq Times”