Қытай ШҰАР-дың қазақтар қоныс тепкен Тарбағатай аймағы Толы ауданында Тарбағатай аймағының ХХІ кезекті Ақындар айтысы мерекесі өтті. Жұпар аңқыған абат таулардың арасында ұмыт қалған арудың айнасындай мөп-мөлдір көл жағасына түменнен астам халық түп қотарыла сапырылысып, айтыс мерекесінің қызығын тамашалады. Атаулы мереке тек бір ғана айтыс емес, ұлттық спорттың абройын асырып, қазақтың этно-мәдениетін сан мыңдаған әр ұлт халқына таныстырып, саяхат пен сауданың көрігін қыздыратын думанды мерекеге айналған.
«Куә бол» ұжымындағылар көненің көп дәстүрі мен ақықтай алтын өнерін әдіптейтін, береке бірлікті дәріптейтін осы мерекедегі әдемі сәттерге куә болуға тырысты. Мерекедегі көзайым шақтардан ортақ ләззат алыңыз.
Фото: "Куә бол" Ықлас Оразбайұлы
Сазға қона қалғандай қазақ үйі...
Суға түскен сағымы сұлу таудың
Саз бетіне кеп қонған аққуға ұқсап.
Дәстүрін қазағының дөңгелетіп...
Азаматы ат құлағында ойнаған.
Ат қазақтың қанаты дегені шын...
Шабандоз.
Аулыңа алыс қалған қарай, қарай...
"Тұсынан ауылымның өттің–кеттің, Үкісін тақияңның бермей кеттің..."
Құлын мүсін тұрған-ай құп жарасып...
Аңыздағы әлде сен аққумысың?!
Құла бие құлынын ертіп суаттап...
Қазақ қалай білді екен жер сарасын?!
Самырсынды кең сала
Қой жайылған құйқалы қоңыр дала.
Даланың қас қағым сәтін бағып тұр.
Тұман жазып кеткен бір ертегідей...
– Қалқатай, қараңызшы, көз ұшында көрінген біздің ауыл.
Қой қайырып қыратта қиял кешу.
Уәделі шақта.
Өзің көрген тор-төбел жетегімде...
Етегінен шатқалдың мұнар өрлеп...
Қарағайлы беткейді мұнар көміп...
Қой өргізу.
Жатқандай іргесінде көлеңке боп, Жығылып бір ақынның көңіл-күйі...
Сайға түнеп шығыпты ақша бұлт.
Бұл дағы бір атаның ескі жұрты.
Жайлауға түскен жол.
Қыстаудағы қыстың қамы.
Шарбы бұлт айна көлдей орнай қалған.
Бауырлап қойнауларды қимай жүр-ау.
Шығыстан күн шыққан соң бұлт жамырап.
Қоңыр қазақ қаумалап сахананы,
Қоңыроба, саз кернеп атырабын...
Жарасып жасыл қоныс қиықшаның, Көк мұнар көлеңкесін құйып сағым...