Қытай өндірушілері халықаралық технологиялық көрмелерде аса үлкен белсенділік танытады. Бірінші – Барселонада өткен «MWC 2016»-да  Xiaomi компаниясы көптен күткен Мі5 флагманын және «CES 2017» көрмесінде  ақ түсті Мі Міх ұялы телефондарын ұсынды. Алайда, басты жаңалық – ені 4,9 мм болатын, жақтаусыз (рамасыз) Mi TV4 теледидары. Xiaomi Mi TV 4 – қарапайым теледидарлармен салыстырғанда, енінің жіңішкелігімен ерекше. Себебі, ені кәдімгі заманауи смартфондардан да жұқа (тіпті, -ден). 

Егер сіз жаңартулар енгізгіңіз келсе (мысалы процессорлық қуатын немесе өзге де функционалдылығын арттыру), жаңа теледидар алып әуре болмайсыз. Тек  Mi TV Bar аталатын құрылғыны (рамасы саналады) сатып алсаңыз болғаны. Себебі, құрамында аудио блоктар мен коннекторлар бар. Құны – теледидар бағасының 20 пайызына тең.

Mi TV Bar-дың тағы бір ерекшелігі – теледидармен бір ғана сым арқылы жалғанады. Ал қалған перифериялық құрылғылар  TV Bar-дың өзіне жалғанады. Яғни, енді ТВ астындағы шимай-шатпақ болып жататын сымдарды көрмейсіз.

«Біздің Smart TV құрудағы ең үлкен жаңалығымыз – модульдік теледидар жасауға жол ашу», –  дейді компания өкілі Хьюго Барра.

Ал енді бағасына тоқталайық. Аудиобармен жинақталған 65-дюймдік моделі – 2000 $ (АҚШ доллары), 55-дюймдік моделі – 1500$ шамасында. Бұл – өзге бәсекелес компанияларға қарағанда тиімді баға саналады. Себебі, біршама уақыт бұрын Sony компаниясы бағасы 6000 АҚШ долларынан басталатын  4K OLED аталатын ТВ топтамаларын ұсынған болатын.

Айта кетейік, қаңтар айының 5-7  аралығында әлемдегі ең үлкен  инновациялық «CES 2017» халықаралық электроника көрмесі өтті. Оған Рreshow Media Days және Дженсен Хуанг негізін қалаған NVIDIA компаниялары арқау болған. Әр елдің «Жаңа мыңжылдыққа» ұсынған Titan технологиялары мен Bring CES стартаптары көрсетілді.

Гүлім Рысқұл

"The Qazaq Times"