«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы Ирактың Мосул қаласындағы орталық мешітін жарып жіберді деп хабарлайды ВВС ақпарат қызметі.
Ирак әскерилерінің мәліметінше, «Ислам мемлекеті» содырлары Мосул қаласындағы тарихи маңызға ие ан-Нури мешітін жарып жіберген.

Жарылыстан кейін ан-Нури мешітінің қирандылары.
«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы өзінің Амак ақпарат агенттігі арқылы мешітті АҚШ әскери әуе күштері бомбылағанын хабарлаған.
Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади "ан-Нури мешітінің жарылуы «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының жеңілгендігінің белгісі" деп айтқан. Себебі осыдан үш жыл бұрын «Ислам мемлекеті» дәл осы мешіт ішінде халифат құратыны жайында мәлімдеме жасаған болатын.
ан-Нури мешітін Мосул қаласында ХІІ ғасырда яғни 1172 жылы салынған. ан-Нури Мосул сүниттерінің басты мешіті болып саналады.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті