Осы жылы өңірлердің даму бағдарламаларын қолдауға республикалық бюджеттен жұмсалатын қаржы көлемі 41%-ға артып, 545,1 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 109,3 млрд теңге "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тұрғын үй қорына жіберіледі. 104 млрд теңге мектеп білімін дамытуға, 71 млрд теңге жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарының сапасын жақсартуға жұмсалады.
Finprom.kz агенттігінің мәліметінше, 2017 жылдың төрт айында 142 млрд теңге бөлінген және бұл өткен жылдың алғашқы төрта айында жұмсалған қаржымен салыстырғанда 77%-ға жоғары.
Жалпы трансферттердің ең көп бөлігі Астана, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысына беріледі. Мысалы Астанаға 206,4 млрд теңге бөлінеді және бұл өткен жылға қарағанда 2,5 есеге жоғары. Оның 47,6 млрд теңгесі жолдарды және аудандардағы тұрғын үйлерді жөндеуге жұмсалады.
Ал Алматыға бөлінетін қаржы керісінше, 37%-ға немесе 46,9 млрд теңгеге дейін қысқартылған. Оңтүстік Қазақстанға жіберілетін трансферт көлемі екі есеге ұлғайып, 42,2 млрд теңгені құрайды.
Сондай-ақ, осы жылы республикалық бюджеттен бөлінген субвенция көлемі (субвенция - жоғары деңгейдегі бюджеттен белгілі бір мерзімге және нақты мақсатқа бөлінетін қаржы) бірден артқан. Мысалы өткен жылы бұл қаражат көлемі 836,9 млрд теңгені құраса, осы жылы 1,5 трлн теңге (+78%) болмақ. Онсызда осы жылдың төрт айында жергілікті бюджетке 423,3 млрд теңге бөлінген және бұл өткен жылға қарағанда 55%-ға жоғары.
Сонымен субвенцияны 16 облыстың ішінде 12 облыс (Алматы, Астана, Маңғыстау және Атырау облысынан бөлек) алады. Ең көп субвенсия Оңтүстік Қазақстан облысына (85,8 млрд теңге) беріледі.