ҚР Президенті әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Заңға сәйкес, осы жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы 11%-ға өседі. Осылайша ең төменгі зейнетақы шамамен 45 мың теңге болады. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 55 154 теңгеден 66 721 теңгеге дейін ұлғаяды.

Сондай-ақ, заңға сәйкес, шілде айынан бастап бала тууына берілетін бір реттік жәрдемақы мөлшері 20%-ға артады. Нәтижесінде 2017 жылдың шілде айынан бірінші, екінші, үшінші балаға берілетін бір реттік жәрдемақы 71 270 теңгеден 86 222 теңгеге дейін, ал төртінші балаға берілетіні  118 мың теңгеден 142 947  теңгеге дейін артады.

“The Qazaq Times”