Елімізде екінші мәрте енгізілген қатаң карантин кезінде табысынан айрылған айрылған азаматтарға жәрдемақыға 17 шілдеден бастап өтініш қалдыруға болады.
Осыған дейін енгізген 14 күндік шектеу шаралары енді 2 тамызға дейін ұзартылды. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бір рет 42 500 теңге берілетінін мәлімдеді.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте министрдің айтуынша, алдағы екі күнде әлеуметтік жәрдемақыны төлеудің механизмдері дайындалады. Бәрі ойдағыдай болса, 16 шілде күні тағайындау ережесі жарияланады. 17 шілдеден бастап өтініштер қабылданып, 20 шілдеден бастап құжаттар қаралады. Бұл жолы жәрдемақы алу үшін әлеуметтік төлем төлеу міндетті емес.
Сондай-ақ Нұрымбетов: «42500 теңге төтенше жағдай кезіндегі ереже бойынша табысынан айырылған азаматтарға, оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға беріледі» деді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін вице-премьер Ералы Тоғжанов атаулы жәрдем ақы төленбейтінін ескертіп, оның себебін былай түсіндірген болатын: «42500 теңге төтенше жағдай режиміне байланысты төленді. Төтенше жағдай режимі тоқтатылды, енді оны төлеуге ешқандай негіз жоқ».
Осылайша, 5 шілдеден бастап екі аптаға карантин жарияланған еді. Алайда, елдегі жағдайға байланысты карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылды. Карантиннің ұзартылғанын жариялаған премьер-министр Асқар Мамин төтенше жағдай жарияланбаса да, шектеуге байланысты қызметі шектелген азаматтарға 42 500 теңге көлеміндегі қаражат беріледі деп, вице-премьер Тоғжановтың сөзін жоққа шығарды.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр