Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев кеше Мәскеу сапарына жол алды. Бұл туралы Қырғызстан Президент аппаратының мемлекеттік саясат бөлімі хабарлап отыр.
Қырғызстан Президент аппаратының берген мәліметінде Алмазбек Атамбаевтың Ресейге жасайтын мемлекеттік сапары 5 күнге, яғни 24 маусымға дейін жалғасады. Екі ел дипломатиялық қатынасының 25 жылдығына арналған кездесу Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен болып отыр. Бұл ретте Қырғыз басшысы Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен де кездеспек.
Ресей мен Қырғызстан басшыларының кездесуінің басты тақырыбы - қауіпсіздік сақтау, миграция, қаржы және статистика тармақтарындағы екіжақты ынтымақтастыққа қол қою. Келісімдер Ресей мен Қырғызстан арасындағы бірлік және стратегиялық ортақтастықты қамтып отыр.
Қырғыз басшысы бұған қоса кезекті сапарында Ресейдегі Қырғызстан мәдениет апталығына қатысып, Кремльдің үлкен залындағы қырғыз өнерпаздарының концертін Ресей басшыларымен бірге тамашалайды.


















Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел