Ақүй баспасөз қызметі бүгін Украина президенті Петр Порошенко мен АҚШ басшысы Дональд Трамптың кездесетінін растады.
Ақүй баспасөз қызметінің мәліметінше, Порошекно мен Трамп Уашингтон уақыты бойынша сағат 11:00 кездесетін болады. Кездесу үш жақтық форматта өтеді деп күтілуде. Онда Украина басшысы Петр Порошенко, АҚШ вице-президенті Майк Пенс және Дональд Трамп болады.
Әзірге екі ел басшылары не жайында сөйлесетіні жайында ешқандай ақпарат тарамаған.