Қазақстанға импортталатын дәрі-дәрмек үлесі 66%-ға өскен

Соңғы 4 жылда Қазақстанға шетелден келетін дәрі-дәрмек препараттарының импорты 57%-ға қысқарған. 2016 жылы 60,2,5 млн долларға дәрі сатып  алынса, 2015 жылы жұмсалған сома 847,6 млн долларды құрады деп хабарлайды  Ranking.kz.

Дегенмен осы жылы шет жақтан келетін дәрі өнімдері қайтадан көбейе бастапты. Яғни 2017 жылдың 4 айында жалпы сомасы 235,5 млн долларды құрайтын 5 мың тонна дәрі келген. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қазақстанға 199,4 млн доллар, шамамен 3 мың тонна медикамент әкелінген.

Препараттардың көпшілігі Үндістаннан келеді. Осы жылы бұл елден 21,1 млн долларға шамамен 720,2 тонна дәрі келген. Ал Қытайдың үлесі 738 тонна яғни 0,8 млн долларды құрады. 45,3 млн доллар болатын 737 тонна препарат Гермения өндірушілеріне тиесілі. ТМД елдерінен келген импорт көлемі 626 тоннаны және 7,9 млн долларды құрады.

Бар болғаны төрт айдың ішінде қытайлық препараттар импортының физикалық көлемі 30 есеге өссе, үндістандық дәрілердің үлесі - 54%. Сондай-ақ, Қазақстанда танымалдыққа ие германиялық дәрілер нарықтағы үлесі бойынша үшінші орында.

ТМД елдерінің импорты 58%-ға дейін, Франциянікі 72%-ға дейін Швейцариянікі 4 есеге, 71,3 тоннаға дейін артқан. Шведттерден келген импорт 4,2 тоннаны құрап, 70%-ға азайса, оңтүстік кореялық препараттардың үлесі 0,1 тоннаны құрап, -96%-ға дейін кеміген.

Ал Қазақстанның өзінің дәрі-дәрмек өндірісі жыл сайын орташа есеппен 32%-ға өсіп отыр. Алғашқы төрт айда өндіріс өткен жылмен салыстырғанла 36%-ға артып, 6,2 тоннаны құрады.

“The Qazaq Times”

Ұқсас жазбалар