Қазақстан Республикасы 2025 жылға дейін ел экономикасын дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыруда одан арғы өркендеуді қамтамасыз ету мақсатын қойып отыр. Үкіметтің әзірлеген «2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында» бірқатар басымдықтар белгелінген, деді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бейсенбіде Астанадағы Астана экономикалық форумы алаңында.

«Бірінші басымдық – еңбек өнімділігінің артуы, экономиканың технологиялық жаңғыртылуы, цифрлық жаңғырту», - деді ол «2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары «Ұлттық технологиялық бастама» АЭФ дөңгелек үстелі кезінде.

Екінші басымдық – жеке секторды белсенді ету. Сонымен қатар, әңгіме дамуды жөн көрмейтін, осылайша заманауи жағдайға көбірек бейімделген кәсіпорындарға орын босатып жатқан ірі компаниялардан «ортаны тазарту» болып отыр.

Сондай-ақ басымдықтар қатарында – қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру.

«Біз бұл жерде тікелей экономиканы реттеу тұрғысынан алып қарағандағы іскерлік климат туралы ғана айтып отырған жоқпыз, біз институттардың сапасы туралы айтып отырмыз, бұл жерде соттардың сапасын арттыру туралы да, халықтың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру туралы да айтылып отыр», - деді министр.

“The Qazaq Times”