Ирактың Миграция және босқындар ісі министрлігінің мәлімдемешісі Наурыз Саттар 200 мың мосулдық босқын үйлеріне оралғанын мәлімдеді. Олардың 95 пайызы Мосулдың шығыс қала аудандарының тұрғындары. Қазір қаланың батыс аудандарына қайталай қоныстандыру қолға алынып отыр. Бұл туралы «Анатолы» ақпараттық агенттігінің ресми сайты хабарлайды.

Қазіргі кезде, қаланың батыс аудандарында террорлық топтың қалдық күштерінің қарулы шабуылдары толастай қойған жоқ. Десе де, қала толықтай Ирак үкіметінің қарауына өтті. Бұл қаланы рамазан айына дейін азат ету үшін Ирак үкіметінің армиясы табанды түрде сегіз ай ұрыс салған болатын. Қаладағы ДАИШ-тың қалдық күштерін аластау үшін, рамазан айында қаладағы әйелдерге никаб киюге тиым салған болатын.

Сол елдің Миграция және босқындар ісі министрлігінің екі күн бұрынғы көрсеткен мәліметінде, Мосул шайқасы басталған 17 қазаннан бері қарай 690 мың мосулдық баспанасын тастап кетуге мәжбүр болған.

“The Qazaq Times”