NASA командасы Лукт Мартинмен бірігіп, дыбысы өте төмен реактивті қозғалтқыш өндірісін дамытуды қолға алмақ. Ондай құрылғысы бар ұшақтағы жолаушылар уақыт үнемдейді. Компания дыбысты минимализациялау жолдарын зерттеп, жоғары жылдамдықты туристік әуе жолының жаңа мүмкіндіктерін ашуға бар күшін салуда. Бұл туралы «BEAU PEREGOY» жазады.
Конкорд алғаш 1960 жылдардың басында құрастырылған. Алайда, олардың тек жиырмасы ғана 1970 жылдардың ортасында қолданысқа енген. Олардың барлығы ескірген технологиялар, шектеулі әуе жолы мен өте көп мөлшердегі шығынның салдарынан тәркіленген болатын. Ал дыбысы өте төмен реактивті қозғалтқышы бар ұшақтар ыңғайлы болғандықтан, жолаушылардың саны көбеймесе, азайған емес. Жақында ғана Lockheed Martin компаниясы Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасына дыбысы төмен реактивті қозғалтқышы бар эксперименталды ұшақ дайындау үшін 20 млн АҚШ долларын бөлді. Осыған байланыстығ NASA-ның әкімшісі Чарльз Болден былай деп мәлімдейді:
«NASA жолаушылардың қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау үшін бар күшін салып келеді. Ұшақтарды жобалау барысында жылдамдығына, авиациялық жүйесіне және жұмыс істеу тиімділігіне аса қатты мән беріледі...»
2003 жылдың қараша айында, Конкорд реактивті ұшағы JFK мен Heathrow арасындағы трансатлантикалық саяхатын небәрі 3,5 сағатта аяқтады. Дыбыс жылдамдығы екі есе төмен қарапайым ұшақтармен салыстырғанда бұл әлдеқайда үлкен көрсеткіш.
Гүлім Рысқұлова
"The Qazaq Times"