«Тәжікстан коструктивті күштер конгрессінің» көшбасшысы журналист, оппозиционер Додожон Атовуллоев «Рахмонбаба және 40 қарақшы» атты жоба жасауда.

Бұл жобада Тәжікстан президенті Емомали Рахмон отбасының елді бөліп алғандығы жайында айтылатын болады.

13 маусым күні Атовуллоев You Tube арнасында Тәжікстан халқына видео жолдама жасаған. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Тәжікстандағы барлық ақшалы бизнестерден бастап тіпті ақылы дәретханаларға дейін Емомоли Рахмонның 400 адамнын тұратын отбасының қолында.

Бұған дәлел ретінде Додожон Атовуллоев мынадай мысалдар келтіреді. Альюмин заводы пен «Тәжік эйр» әуе компаниясы президенттің балдызы Хасан Садуллаев пен Тахмина Рахмонның иелігінде. Ел астанасының орталығында орналасқан ЦУМ ойын-сауық орталығын Емомоли Рахмон иесінен тартып алып, қызы Озоде Рахмонға сыйға берген. Тәжікстандағы банктердің 90 пайызы Рахмон отбасы мүшелеріне тиесілі. Душанбедегі «Корвон» базарын Емомалидің балалары Рустам мен Тахмина Рахмонның қоластында. Ал «Гиссаре», «Хайр» және «Вахдат» базарлары президент күйеубаласы Махмадзохир Сохибовтың иелігінде.

Бұл базарлар арқылы жылына 130 мың тонна қант, 600 мың тонна ұн, 90 мың тонна май саудаға түседі. Тәжікстан нарығындағы барлық бағаларды Рахмон отбасы мүшелері тағайындайды.

Видео соңында Атовуллоев шет елдерде жүрген Тәжікстан азаматтарын гастарбайтер болып жүре бермей Рахмон режимімен күресуге шақырады және «Рахмонбаба және 40 қарақшы» жобасының келесі сандарында Рахмон отбасы мүшелерінің шет елдердегі дүние мүліктері жайында мәлімет тарататынын айтады.

“The Qazaq Times”