АҚШ Мемлекеттік хатшысы Тиллерсон 13 маусым күні хабарлама жариялап, Солтүстік Кореяда қамауға алынған америкалық студенті Оттоның (Otto Warmbier) босатылғанын айтқан еді. Ал, АҚШ жергілікті уақытымен 15 маусым күні таңертең Оттоның отбасындағылар баспасөз конференциясын өткізіп, оның денсаулығы тым нашар екенін айтты. Бұл туралы Қытайдың «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлап отыр.
Баспасөз конференциясында Оттоның туыс-туғандары оның бейне бір жылыжайдағы көкөніс секілді тым әлсіз күйде оралғанын егіле отырып айтып берді. Ал, оның денсаулығын тексерген дәрігерлердің бірі Мартинның айтуынша, Оттоның жүйке жүйесі қатты зақымдалған.
Ол Жапонияның Саппоро жеріндегі АҚШ әскери базасынан ұшақ арқылы 13 маусым күні кеште АҚШ-тың Цинциннати қаласының «Lennon» әуежайына жеткізілген. Содан бері Цинциннати университетінің Медициналық орталығына емделуде.
Кешегі өткен баспасөз мәжілісіне Оттоның туыстары мен достары да болды. Otto Warmbier-дың әкесі Fred Warmbier-нің сөзінде: «Солтүстік Корея үкіметінің ұлыма бұлай жасайтын еш негізі жоқ. Олар бұндай мәмілені қамаудағы басқа адамдарға да жасап отыр. Мен қамаудағы басқа америкалықтардың да босатылуын өтінемін», – деді. Солтүстік Корея үкіметінің берген түсініктемесінде Otto Warmbier-дың ботокс инфекциясымен жұғымдалған және ұзақ ұйықтай бергендіктен осындай сырқат күйде қалғаны айтылған. Алайды, оның ата-анасы бұл түсініктемеге сенбей отыр.