Осыдан екі күн бұрын Франция президенті Эммануэль Макрон мен Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй  Францияның орталық қаласы Парижде кездескен болатын. Ұлыбританияның ЕО-дан бас тартқаннан кейін Франция болған жаңа қарым-қатынастың негізі осы кездесуде қаланды деуге болады. Екі жақтың басшылары бірқатар жаңа әрі маңызды келісімдер жасасты. Мұның бәрі де көз алдағы Еуропа үшін аса маңызды деген тақырыптар болды. Бұл туралы Қытайдың "Шинхуа" агенттігі және "Түрік Теле-Радио" қызметі қатарлы шетелдік ақпарат көздері хабарлап отыр. 

Кездесуден кейінгі екі басшы бірлесе өткізген баспасөз конференциясында Франция президенті: «Бұл бір оңайлықпен жасалмаған шешім, десе де, Ұлыбритания қашан ЕО-дан толықтай шығып болғанша біздің одақтасымыз болып саналады. Еуропа Одағының есігі әлі де болса Ұлыбританияға ашық тұр. Алайда, біз бәріміз оңайлықпен жасалмаған шешім туралы кері ойлаудың қиын екенін түсінеміз», – деді.

Сол күні екі ел басшыларының келісімі арқылы бірнеше жақтағы жаңа келісімдерге қол қойды. Айталық, экономикалық жаңа селбестік, терроризмге қарсы ортақ күресу, сондай-ақ, босқындар мәселесі турасында. Әсіресе, екі ел қауіпсіздік-барлау қызметі бірлесе отырып, экстремизмге қарсы күрестің жаңа жүйесін жасайтындықтары салмақты талқыға айналды. Ғаламтор желісі арқылы террорлық топтарға қарсы күрес жүргізетін жаңа жүйе жасақталатындығын мәлімдеді. Тіпті бұл бастаманың салмағын арттырып, өнімін жақсарту үшін, Уашингтон тарабында бұл жұмысқа тартатындығы белгілі болды.

“The QazaqTimes”