Қазақстан Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне байланысты 100 миллион доллар көлемінде ақшалай көмек көрсету туралы құжаттар ҚР Парламентінің Мәжілісі отырысында мақұлданды.
ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттаманы" таныстыра отырып:
"Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне байланысты кедендік шекарасы сыртқы деңгейге өтті (қырғыз-қытай, қырғыз-тәжік, қырғыз-өзбек). Соған сәйкес қырғыз шекараларының инфроқұрылымы заманауи модернизацияны қажет етеді" - деген болатын.
Министрдің айтуынша, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ЕЭО сыртқы шекараларын бақылап отыру үшін ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанға көмек көрсету туралы шешімді мақұлдап отыр. Соған сәйкес: "2016 жылғы 26 желтоқсанда Санкт-Петербургте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттама ратификациялансын" деген заңы ресми түрде қабылданды.