Панама үкіметі дүйсенбі күні кеште хабарлама жариялап, Қытаймен дипломатиялық қатынас орнату үшін, Тайваньмен дипломатиялық қатынастарды үзіп, барлық ресми байланыстарды тоқтататындарын хабарлады. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.
Панама президентінің арнаулы сайтында көрсеткен, екі ел қол қойған испан тіліндегі келісімде: «Панама Республикасы әлемде бір ғана Қытай бар екенін мойындайды. Тайвань Қытайдың ажырамас бір бөлегі болып табылады», – деп жазылған.
Панаманың бұл шешімі дереу күшіне енетінін де жария етті. Бұл Тайвань үшін ауыр соққы болары анық. Панама дипломатиялық қатынасын үзгеннен кейін, Тайваньда тек 20 дипломатиялық одақтас қалады. Қытай үкіметі Тайваньды өзінің бір провинциясы ретінде қарастырады. Дербес ел ретінде өзгелермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуына қарсы болып келеді.
Соңғы жылдары Қытайдың экономикалық ықпалы артып келеді. Тайваньның көптеген одақтастары Қытай дипломатиялық қатынасының пайдасына Тайуанмен болған қарым қатынасын үзіп келеді. Бұл Тайваньның халықарадағы орынын маргиналдыққа қарай ығыстырып шығарып барады.
Панама шешімі туралы Тайвань Сыртқы істер министрлігі ешқандай түсініктеме бермеген.