АҚШ-тағы БАҚ-тың жексенбі күнгі таратқан хабарларына қарағанда, АҚШ президенті Трамп Ұлыбританияға сапарлай барып, сол елдің премьер-министрі Тереза Мэймен кездесуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген. Алайда, кең ауқымды жүріліп жатқан наразылықтар тоқтатылған жағдайда, Трамп сапарды уақытын кейінге қалдырғысы келеді. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.
Ұлыбританияның «Гвардиян» басылымына үкімет кеңесшісінің берген мәлімдемесіне қарағанда, Трамп апта соңында Тереза Мэйге қоңырау шалып, өзінің жоғарыдағыдай өтінішін білдірген. Тереза Мэй болса Трамп таққа отыра салысымен көп ұзамай, АҚШ-қа сапарлай барып, мемлекеттік сапармен алғаш кездескен шетелдік басшы болып еді. Сол кезде ол тағы Трампты Ұлыбританияға мемлекеттік сапармен келуге шақырған еді. Ал, Мэй болса, өткен аптадағы сайлауда жеңіліске ұшырады.
Тереза Мэйдың мемлекеттік сапармен шақыруы басынан бастап АҚШ-та даулы пікір болып келді. 2 млн адам желіде қол қойып, қарсылық білдірді. Бұл сапарды күшінен қалдыруын талап етуде. Бұның бәрінде Лондонда туылып жатқан саяси өзгерістер, Лаңкестік шабуылдар және Трамп пен Лондон мэрі арасындағы жанжал себеп болған. Лондон мэрі Садик Хан Трамптың көші-қон саясатын аяусыз сынға алған болатын. Бұған Трамп қатты ашулы.
АҚШ-тағы қарсылық пен Ұлыбританиядағы өзгерістерге байланысты Трамптың осы айға жоспарланған мемлекеттік сапары қазан айына кешіктірілді.

















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы