2017 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан Республикасында 236 943 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,9% артық. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ал 2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3845,3 мың бірлікті құрады. Сондай-ақ, осы жылғы 4 айда 6037 адам зардап шеккен 4293 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат 14,8%-ға азайған.

2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 8,6 млрд теңге сомасына 25823 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.

Айлар бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны

көлік.png

2016 жылғы сәуір 2017 жылғы сәуір аралығы бойынша ең көп автокөлік қазан айында тіркелді.  2017 жылғы сәуірде тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 2017 жылғы наурызбен  салыстырғанда 35,5%-ға кем, ал 2016 жылғы сәуірмен салыстырғанда 2,0 %-ға артты.

"The Qazaq Times"