Қытайдың ғаламтор саудасының алыбы Алибабаны (Alibaba Group) құрушы және құрылтайшысы Ма Юн (Джек Ма) инвесторларға Алибабаны 2036 жылға барғанда әлемдегі бес ірі экономика алыбының біріне айналдыруға күш салатындықтарын мәлімдеді. Бұл туралы танымал басылым «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.
Инвесторлармен кездесуде Ма Юн компанияның жағдайын толықтай айта келе, 2036 жылға барғанда компания жалпы ақшалай түсім (GMV) жағынан дамыған елдердегі бірлестіктермен бірдей болады деп күтетіндігін айтты. Сондай-ақ, тұрақты кеңейту мен дамуды сақтап, әлемдік бес ірі экономика алыбына теңестірмек екендіктерін мәлімдеді. GMV болса тұрмыстық техника бизнесінің өсуін бағалау үшін инвесторлар пайдаланылатын негізгі көрсеткіш болып табылады.
Ма Юн сөзінде: «Мұндай деңгейге жету үшін 2036 жылға барғанда 2 млрд тұтынушы тартуға тура келеді. Сонымен бірге, бүкіл әлем бойынша 100 млн кәсіпорын құруға тура келеді. Ал, платформасында 10 млн тиімді бизнеске қолдаушы болу керек», – деді.
Қытайдың ғаламтор сауда алыбы Алибаба осы рет Хаңжоу қаласында 400 ірі инвестор тартты. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда екі есеге көп.