Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы шекарада қарулы қақтығыс болды деп хабарлайды CA-NEWS (TJ) ақпарат көзі.

Маусымның 8 күні түнде Тәжікстанның Шураабад заставасында Ауғанстан жағынан есірткі алып өтпек болған контрабандалық топ пен шекарашылар арасында атыс болған. Бірнеше соғатқа созылған қарулы қақтығыстан кейін ауғанстан контрабандистері кері шегінген.

Атыстан кейін Тәжікстандық шекарашылар қақтығыс болған жерді тексеру барысында 15 келограм есірткі тауып алған.

“The Qazaq Times”