Жыл сайын миллиардер Уоррен Баффетпен тамақтану құқығына ие болу үшін миллион қаржы жұмсауға болады. Мысалы биыл АҚШ-та өткен қайырымдылық аукционында белгісіз біреу миллиардермен тамақтану құқығын 2,6 млн долларға сатып алған, деп хабарлайды lenta.ru.
Енді жеңімпаз Баффетпен түскі ас ішу кезінде оған кез келген сұрақты қоя алады.
Ал миллиардердің сөзінше, осындай аукциондар арқылы жиналған қаржы Сан-Францискодағы үйсіз жүрген балалар мен отбасыларды қолдау үшін Glide Foundation қорына аударылады екен.
Баффетт бұдан бұрын өткен аукциондар кезінде 24 миллион доллар жинаған. Ал 2016 жылы көрсеткіш 3,45 миллион доллар болған.
Айта кетейік, Уоррен Баффетт әлемдегі америкалық ең ірі миллиардер және инвестор. 2017 жылғы мәлімет бойынша Forbes ұсынған әлемдегі миллиардерлер рейтингінде екінші орынға ие. Оның байлығы шамамен 76,9 млрд долларды құрайды.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?