Швеция құрамасының ойыншысы Ола Тойвонен Франциямен өткен футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде дәлдігімен көзге түсті. Тойвоненнің алаңның қақ ортасынан  бағыттаған соққысы қақпаға дәл кірген. 

Франция мен Швецияның бұл кездесуі 1:2 есебімен, Ола Тойвеннің ерекше соққысының арқасында швециялық құраманың пайдасына шешілді.

“The Qazaq Times”