Франция ұлттық құрамасы мен «ПСЖ» футбол клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе биылғы «Алтын доп» Лионель Месси немесе Криштиану Роналдуға бұйырмайтындығына сенімді.
Оның айтуынша: «Бүгінде Месси мен Роналду секілді ешкім ойнай алмайды, бірақ «Алтын доп» өзге ойыншыға бұйырады. Себебі, 2018 жылғы әлем чемпионатының ойындары бұл сайыста үлкен рөл атқаратындығы белгілі. Сондықтан Франция ұлттық құрамасы жеңіске жеткендіктен, осы команданың бір ойыншысына берілуі тиіс. Біз тарихи жетістікке қол жеткіздік. Бұл менің өз ойым» деп, футбол тарихындағы құнды титул туралы өз пікірін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, ФИФА-ның биылғы жылғы нұсқасына сай, әлемнің ең үздік ойыншысы ретінде мадридтік «Реал» және Хорватия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич атанған болатын.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды
Өзбекстан президенті желтоқсанда Қырғызстанға барады