Ирактың Күрд автономиялы облысы үкіметі 7 маусым күні тәуелсіздік туралы референдум жария етті. Референдум қортындысы осы жылдың 25 қыркүйегінде белгілі болмақ. Бір күннен кейінгі ресейлік ресми ақпарат көздерінің хабарлауынша, АҚШ мемлекеттік департаменті бұл іске жауап беріп, Құрама Штат тарапының Күрд Автономиялы аймағының тәуелсіздік талабына түсіністікпен қарайтынын, алайда мұндай референдумның міндетті еместігін жеткізген. Бұл туралы қытайлық «Шинлаң» ақпараттық агенттігінің сайты хабарлап отыр.
АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің өкілі Хизер Ноульте 8 маусым хабарлама жариялап: «АҚШ Ирактың бір тұтас бір ел болуын қолдайды. Одақтас, ұлттық тұрақтылық пен демократия тұрғысында Күрд автономиялы аймағының бұл талабына түсіністікпен қараймыз», – деген пікірін білдірді. Алайда, АҚШ бұл референдум жариялау ісі өңірде жанжалдардың туылуына мұрындық болама деп алаңдаулы. Ол үшін ағымдағы кейбір өзекті істердің кері әсерін ескермей болмайды деп қарайды. Айталық, «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы референдум нәтижесін күштеп алып алуы мүмкін деп алаңдайды.
Хизер сөзінде: «Референдум бұнымен қоса әлеуметтік тұрақсыздық пен экономикалық дағдарыстың туылуына апарып соғуы мүмкін. Сондықтан да, Күрд автономиясының Иракпен болған ынтымақтастықты сақтауға тырысуы керек», – деді АҚШ атынан.

















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы