2017 жылдың 2 шілдесінен бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясы аптасына үш рет Астана — Дели — Астана маршруты бойынша әуе рейсін ашады. Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Астанадан Делиге ұшып бару уақыты 4,5 сағатты құрайды, Делиден Астанаға келу де 4,5 сағат. Сондай-ақ, Делиден келетін жолаушылар Астана арқылы Санкт-Петербургке, Мәскеуге және Стамбулға бара алады.
Делиден Астанаға келу үшін билетті экономкласқа 316 долларға, ал бизнес класқа 1873 долларға сатып алуға болады. Айта кетейік, 2004 жылдың қыркүйек айында әуекомпания Алматы-Дели бағытын ашқан.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды