Украина да Киев қаласының мэрі Виталий Кличконың үстінен жемқорлық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бүгін Украинаның бір қатар басылымдары Украина ұлттық жемқорлыққа қарсы бюросына сілетеме жасап, Виталий Кличконы қаржы полициясы тексеріп жатқандығын хабарлады.
Бірақ Украина ұлттық жемқорлыққа қарсы бюросы бұл ақпаратты не растаған жоқ, не жоққа шығарған жоқ. Ал Виталий Кличконың өзі Facebook парақшасында өзінің заң алдында таза екендігін айтып, барлық керекті ақпаратты тиісті органдарға тапсырғанын мәлімдеді.
Украина БАҚ өкілдерінің мәліметінше әлемге әйгілі боксшы, Киев мэрі Виталий Кличконы, Украинаның жемқорлыққа қарсы органдары Гамбург (ФРГ) пен Лос-Анджелестегі (АҚШ) жылжымайтын мүліктерін электронды декларацияда көрсетпегені үшін тексеруге алған. Виталий Кличко 2016 жылғы диклорациясында өз иелігінде 7 сағат, 9 велосипед, 147 мың 920 гривна (шамамен 5 мың евро) қаржы айлығы мен депозиттерден түсетінін көрсеткен. Бұдан бөлек ол өз иелігіндегі 1 миллион 660 мың 190 гривнаны (шамамен 22 мың 525 евро) роялти қаржы екендігін жазған.
Егерде Виталий Кличконың шет елдердеге жылжымайтын мүліктері жемқорлықпен келген қаржыға сатып алынғандығы дәлелденетін болса, онда ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.