7 маусым күні Мьянма Мемлекеттік қорғаныс министрлігі 120 адам отырған әскери істер тасымалына арналған ұшақ, сол күні түстен кейін осы елдің оңтүстігінде кенеттен жоғалғанын мәлімдеді деп хабарлады "Шинхуа"-ның ресми сайты.

Жоғалған әскери ұшақтың жоғалмай тұрған кезі. Фото: Wikipedia.
Бұл ұшақ жергілікті уақыт 13: 06 - да Делинда аймағына қарасты теңіз жағасындағы Данлау қаласынан Янгонға қарай ұшқан. 13: 35 те осы аймақтың орталығы Давэй қаласының батысына қарай 32 шақырым теңіз үстінде байланыстан ажырап қалған. Ұшақта Данлаудағы әуе армия базасының 106 әскери адамдары мен 14 ұшақ қызметкелері болған. Қазір Мьянма әскерилері төрт кеме және 2 ұшақты аттанысқа келтіріп, іздеуді жалғастыруда.
Мьянма-ның тағы бір әскери шендісі жоғалған ұшақтың паршаланған сынықтары табылғанын, қара жәшік табылмағанын айтқан. Ал, жергілікті медиалардың бірі апатқа ұшыраған ұшақта тек 3 ақ адам аман қалды деп хабарлаған.
Қазірге дейін жоғалған ұшақ жөнінде ресми сенімді мәлімет әлем ақпарат көздеріне жетпей отыр.
Дайындаған: Әділет Ахметұлы
“The Qazaq Times”


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді