КХДР кемелерге қарсы бірнеше зымыран ұшырды. Оңтүстік Кореяның қарулы күштерінің хабарлауынша, солтүстік жағалаудан ұшырылған зымырандар 200 шақырымды ұшып өтіп теңізге құлаған.
Ренхап агенттігі оңтүстік кореялық қарулы күштердің мәлімдемесіне сәйкес: «Солтүстік Корея Вонсан ауданындағы Канвадо провинциясынан Жапон теңізіне қарай, белгісіз зымырандарды ұшырды. Болжам бойынша бұл кемелерге қарсы қолданылыатын қару болуы мүмкін» - деп, хабарлады.
Оңтүстік кореялық әскерилердің болжамынша, КХДР осы арқылы теңіздегі соғыс кемелеріне тойтарыс бере алатындығын білдіруі мүмкін.
Соңғы аптада АҚШ Корей аралдарының маңайына соғыс кемелерін жөнелткен. БАҚ өкілдерінің ақпаратына сәйкес, 5 маусым күні Солтүстік Корея жағалауына "Карл Винсон" және "Рональд Рейган" кемелерінін бөлек Сан-Диегодан тағы «Нимиц» авиаматкасы жіберілген болатын.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді