Араб түбегінде болған «Катар дағдарысын» жақсарту үшін Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған білек сыбана кірісті. Бұл туралы сол елдің «Теле-Редио Қызметі» ресми сайты хабарлап отыр. Катардың дипломатиялық дағдарысын оңау үшін Түркия президенті көптеген мұсылман елдері басшыларымен телефон арқылы кеңескен.
Түрік басшысы Режеп Тайып Ердоған бұл аталған мәселе төңірегінде Франция, Индонезия, Бахрейн, Иордания, Ливан, Малайзия қатарлы елдердің басшыларымен телефон арқылы хабарласып, кеңескен. Түркия президенті аталған ел басшыларына орын алған мәселені келіссөздер мен дипломатиялық жолмен шешу туралы ұсыныстар айтқан. Әрі Түркия Катар дағдарысын жақсарту үшін барын салатынын айтқан. Бұл ақпаратты түрік елінің президент аппаратурасы мәлім етіп отыр.
Катар дағдарысын шешуге Түркия президентінің қызғындылығы сонша ол Катар Әмірі Шейх Әл-Сани, Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин, Кувейт Әмірі Шейх Әл-Сабах және Сауд Арабия королы Селман бин Абдулазиз Әл-Сауд қатарлы басшыларға да хабарласып пікірлескен. Соған қарағанда президент Ердоған Катар дағдарысының туылуы, өзінің Батыс пен Шығыс алдындағы беделін жоғарылататын орайлы іс деп қараса керек.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?